Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының негізгі жұмыс бағыттарының бірі – халықты діни ағарту, дəстүрлі емес діни жолда жүрген азаматтарға түсіндіру іс-шараларын ұйымдастыру, насихат жүргізу.
Уағыз-насихат саласында атқарылған жұмыстардың есебі бойынша, биыл елімізден 518 азамат радикалды райынан қайтты. Дəстүрлі дінге оралған азаматтардың бірқатары діни көзқарастары мен ұстанымдарын ресми түрде мəлімдеді.
Жат ағымның жетегінде жүрген жандарды деструктивті ағымды насихаттаушы азаматтардың салт-дәстүрге, əдет-ғұрыпқа, мемлекеттік рəміздерге қайшы көзқарас қалыптастыратын сөздері қанағаттандырмаған.
Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған республикалық, жергілікті ақпараттық-насихат тобы жыл бойы жоспарлы жұмыс негізінде түсіндіру шараларын жүзеге асырды. 2018 жылы 347 адамнан құралған республикалық, жергілікті ақпараттық-насихат тобы 7 294 рет жалпы жəне жеке кездесу өткізді. Оған барлығы 646 056 адам қатысқан.