Шымкент қаласы, Еңбекші ауданына қарасты «Исамиддин баба» мешітінде әйелдер жамағатына тұрақты түрде діни сауат ашу сабақтары жүргізілуде. Қазан айының ортасынан бастау алған сауат ашу курсында бүгінде 20-дан астам шәкірт білім алуда. Олар қасиетті құран кәрімді тәжиуд ережелеріне сай үйренумен қатар, ақида (иман-шарт), фиқһ (мұсылмандық шарты), сира (Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірбаяны), нәпсіні тазарту пәндерінен сабақ алуда. Шәкірттеріміздің алды құранға түсіп, 30-параны жаттауға кірісіп кетті. Мешітімізде шәкіттердің білім алуына қажетті жағдайлар жасалған.

Сонымен қатар, мешітімізде жаз айларында жаздық курстар жұмыс жасайды. Осы жазда сауат ашу курсында 30-дан астам қыз-келіншектер құран кәрім мен негізгі діни мағлұматтардан сабақ алды. 

Сіздерді «Исамиддин баба» мешітіне білім алуға шақырамыз.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38