Жуырда,  ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілі, «Halifa al-Nahaian Aqmeshiti» орталық мешітінің бас имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев Шымкент қаласында орналасқан Шымкент және Тараз архиепископы Елевферий (Козорез Юрий Феофанович) мен кездесті.

Кездесу барысында өкіл имам Бақтыбай қажы Бейсенбаев әріптесі Козорез Юрий Феофановичке ұлтаралық және дінаралық ынтымақтастыққа және бейбітшілік пен өзара төзімділік құндылықтарын насихаттауда орасан зор үлесі үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ, Тәуелсіздік мерекесіне орай Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен «Құрмет» ордені иегері болуымен құттықтады.

Кездесу аясында атқарылған жұмыстары туралы екеуара әңгімеледі.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38