Күндердің күнінде Дағыстандық спортпен айналысатын жігіт Санкт-Петербург қаласында орналасқан  саябақ жанымен өтіп бара жатады. Кенет тасадан айқайлаған әйелдің дауысы естіледі. Жігіт саябақтың ішіне кіріп қараса 4 жігіт бір әйелді зорламақшы болып арпалысып жатады. Жігіт тұрмастан әлгілерге бас салып төртеуін де жығып құлатады. Әйел орнынан тұра сала сөмкесін іздей бастайды. Себебі, онда қызының еміне жинаған қомақты ақша бар-етін. Жігітке дән риза болған әйел оған алғысын айтып жеткізе алмайды. Сонда жігіт:

-Сізге Алла Тағала көмектесті,-деп қайталай береді. Көп кідірместен такси тоқтатып әлгі әйелді салып жібереді. Содан арада 2 ай өткеннен кейін әйел жігіттің нөмірін әлеуметтік желі арқылы достарынан тауып оған хабарласады. Әйел:

-Мен сізге қатты риза болдым. Сіз секілді мұсылман адамның әрекеті мені қатты тамсандырды. 2 айдан бері сіздің «Алла Тағала көмектесті» деген сөзіңіздің мағынасын түсініп, Исламды зерттеп келемін. Енді мен ақиқат әрі мейірімді дінді тапқан секілдімін. Мен Исламды қабылдауға дайынмын. Сіз мені мешітке апарып, мұсылман болудың шарттарын көрсететін кісіге жолықтырсаңыз екен деймін,-деп алғысын жаудырған екен.

Жалғас АСХАТҰЛЫ, дінтанушы

Ақпарат көзі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38