ШЫМКЕНТ: Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында 35
отбасыға азық-түлік таратылды
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ҚМДБ-ның Шымкент қаласы, Абай ауданы «Торлан» мешітінің ұйымдастыуымен қайырымдылық шарасы болып өтті.
Қайырымдылық шарасы барысында тұрмыс жағдай төмен отбасы 35 отбасыға азық-түлік және қаржылай көмек берілді. Атап айтқанда ұн, қант, күріш, макарон, тұз, шәй, 5 литр өсімдікмайы т.б.
Аталмыш шара барысында мешіт имамы Ғалымжан қажы Назаров, найб имамы Манас Құрбанбековтер сөз сөйлеп, асыл дініміз жайлы уағыз, әрбір қиындық соңында еселеп қуаныш болатыны туралы уағыз айтты.
Осы орайда, қайырымдылық шараға қолдау көрсетіп жомарт жандарға Алла разы болсын!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі