Бүгін Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі мемлекеттік мекемесінің №1 мамандандырылған жасақтың жеке құрамымен кездесу өтті.
Кездесуге ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамының орынбсары, ЖАНТ мүшесі Ұ.Алиакбарұлы және дінтанушы-теолог М.Мұстафаев қатысты.
М.Мұстафаев керағар діни ағымдар, олардың сипаттары, алдап азғыру жолдары, қате тұстары жайлы сөз қозғады.
Наиб имам Ұ.Алиакбарұлы адасқан діни топтардың алдын алу, олардан сақтану жолдары әрі өз дінімізге берік болу. осы арқылы яғни діни сауатты әрі салт-дәстүрге бекем болған жанның адасып кетуі мүмкін еместігі немсе адасу ықтималдығының проценттік көрсеткішінің аз болатындығы жайлы сөз қозғады.