Әріптестеріміз, «Абдул Хамид Қаттани» мешітінің бас имамы Абдрахманов Бақдәулет Нұрматұлын «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Нарымбетов және Шымкент медресе-колледжінің директоры Әсембай Талғат Шәйділлаұлын «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Жолдасов Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнімен құттықтап, Алғыс хаттар берді.
Алғыс хатта: «Құрметті Абдрахманов Бақдәулет Нұрматұлы! Сізді егеменді еліміздің айтулы мерекесі – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтай отырып, ынтымақты еліміздің қарқынды дамуына сүбелі үлес қосып жүргеніңізге алғыс білдіремін. Татулықты ту еткен бейбіт халқымыз 27 жыл аралығында толағай табыстарға жетті. Мемлекетіміздің дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Алдағы уақытта да бар күш-жігеріңіз бен мол тәжірибеңізді мемлекетіміздің мүддесі үшін аянбай жұмсай беретініңізге сенемін. Сізге еңбегіңізге толағай табыс, өзіңізге мықты денсаулық, отбасыңызға бақ-береке тілеймін» деп жазылған.
Алғыс хаттың мәтінінде: «Құрметті Әсембай Талғат Шәйділлаұлы! Сізге, Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткізген табыстары мен «Нұр Отан» партиясының бағдарламалық міндеттері мен шешімдерін жүзеге асыруда белсенділік танытқаныңыз үшін Түркістан облыстық партия филиалы атынан Шынайы ризашылығым мен алғысымды білдіремін» деп жазылған.