Қазіргі таңда, жастардың жат ағымға бет бұрушылығы белең алып тұрған күрделі мәселелердің бірі. Осыған орай, дінтанушы, философия ғылымдарының кандидаты Жалғас Садуахасұлының Caravan.kz медиа-порталына берген сұхбатын назарларыңызға ұсынып отырмыз.
— Қазіргі жастарға мектеп пен жоғарғы оқу орындарында арнайы діни білім беру қажеттілігі бар ма? Әлде, бұл жерде программа енгізуде дінді насихаттау болып кете ме?
— Бүгінде 9-шы сыныптардан бастап зайырлылық және дінтану негіздері атты пән жүріп жатыр. Бұл пәнді еңгізудегі негізгі мақсаттардың бірі – орта білім алып жатқан жастардың зайырлылыққа және дінге деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру. Мектеп қабырғасынан шығып, үлкен өмірге қадам басқан жастың бойында негізгі діндердің аражігін айыра білуі. Өз ұлтының тарихи және мәдени қалыптасқан дінінің басқа діндерден айырмасын, ерекшелігін үйренуі. Мұнда басқа мақсат жоқ, яғни, жас баланы мектеп қабырғасынан белгілі бір дінге баулу немесе белгілі бір дінді ғана насихаттау емес.
— Жастардың діни ағымдарға еріп кетіп жатқандары қанша пайызды құрайды? Нақты көрсеткішті атап айтсаңыз.
— Қазір ондай нақты статистиканы маманның дөп басып айтуы қиын.
Ал, енді, теріс діни ағымның соңына ергендердің басым бөлігі дәстүрлі діни сауаты төмен немесе мүлде жоқ адам. Бұрын арнайы діни оқуды оқымыған немесе мұндай адамдар эмоцияға беріліп, «Менікі дұрыс. Себебі мен Құдай үшін жасап жатырмын» деген оймен кез-келген амалға баруы мүмкін. Тіпті, келешекте ондай адамнан экстремис те, террорист те шығуы мүмкін.
Негізінде, теракті ұйымдастыруға — билікқұмарлар, пайдакүнемдер, діннің емес, дүниенің қамын ойлағандар, әсіредіншілдер, т.б. өзімбілемділікке салынған жандар бой көрсетеді.
— Қазіргі ғаламтор жүйесі мейлінше дамыған заманда діндер бойынша да сан түрлі мағлұматтар алуға болады. Бірақ, оның дұрыс, бұрысын діннен мүлдем хабарсыз жастар қалай ажыратады?
сайтты аша салу оп оңай екені мәлім. Экранның арғы жағында отырған бір теріс пиғылды миссионер экстремистік сайтты оп-оңай аша салады. Сондықтан діни ақпарат алғысы келген жастарға айтар кеңесім: еліміздегі сенімді діни-ақпараттық сайттарға ғана кіру. Олардың кейбірін көрсетіп те бере аламын: kazislam.kz, ҚМДБ-ның сайты muftyat.kz, mazhab.kz, muslim.kz, islam.kz, fatua.kz және т.б.
Ескеретін жағдай, елдегі ҚМДБ тіркелген барлық дерлік мешіттердің (қалалық, аудандық) сайттары бар. Бұл сайттарға кіріп діни ақпарат алуға болады. Бұған қоса сайттың соңғы жағында сенімді әріптес сайттар көрсетілген. Дін істері және азаматтық қоғам минситрлігі Дін істері комитетінің сайтында да діни ақпарат алуға болатын сайттардың тізімдері бар.
— Жалпы қазақ жастарының діни фанатқа айналмауы үшін нақты қандай жұмыстар атқарылу қажет? Оны кімдер жасайды?
— Әуелі тәлім-тәрбиеге отбасында көңіл бөлінуі тиіс. Егер ата-ана «мен дінді білмеймін» дейтін бола, онда тәрбие үшін діни сауаттың (арабша оқу-жазу) болуы шарт емес. Қазақ баласын қашанда инабаттылық пен имандылық, адалдық, шыншылдық, обал мен сауап сияқты т.б. адамгершілік құндылықтар негізінде өсірген. Яғни, бала жастайынан ата-ана махаббатын, жылы алақанын сезіп, дұрыс қазақи тәрбие көрсе діни фанат болуы екі талай. Оның бойында дәстүр мен бірге тілі, ділі, діні сабақтасып, бір-бірімен үйлесімдік табуы тиіс.
— Уақыт өткен сайын әлем кеңістігінде теріс діни ағымдардың кері уағыз-насихаты әсерінен адасушы адамдар қатары арта түсуде. Теріс діни ағымды уағыздаушылар кімдер, оларға тосқауылды қалай жасаймыз?
— Теріс ағымды насихаттаушылардың мақсаты біреу – қоғамды «біз» және «басқаларға» бөліп, мемлекеттегі дінаралық татулықты, ұлтаралық келісімді, бейбіт өмір мен тұрақтылықты бұзу. Кез-келген жат ағым өзінің адаптілерінің (жамағанының) көбейгенін қалайды. Сол үшін аянбай күреседі. «На войне все средства хороши» дегендей олар жамағат санын көбейту үшін барлық әдіс-тәсілдерді қолданады: қайырымдылық қор ашады, тегін дәрі-дәрмек таратады, киім-кешек береді, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына материалдық көмек көрсеткен болады, психологиялық күйзеліске түскен адамға келіп «Құдай сені жақсы көреді» деген сияқты жанды жұбататын жылы сөздерді айтады және т.б. «Теріс діни ағым» деген уақытта біз тек исламды жамылған жат ағымдарды түсінбеуіміз керек. Бұлай ойлау қате. Себебі терроризм, экстремизм адамның тіліне, дініне, нәсіліне қарамайды. Теріс діни ағымдар мен секталар бір адамды өз қатарларына қосып алған соң, сол арқылы оның отбасына, ағайын туыстарына шығады. Біз осындай айлалардың барлығынан сақ болуымыз керек.
Ал, мемлекет онсыз да қолынан келгенше теріс ағымдарға қарсы күресті жалғастыруда. Мысалы, дәстүрлі емес немесе радикалды ағым идеологиясына елітіп жүрген тұлғалармен тұрақты түрде оңалту жұмыстарын жүргізу, ел аумағына кірген, сатылымға шығатын діни мазмұнды материалдарды (кітап, аудио, видио және т.б.) діни сараптамадан өткізуі, 2017-2020 жат ағымдарға қарсы иммунитет қалысптастыру және халықты діни ақапарттандыру сияқты бағдарламаларды жүзеге асыру, діни ұйымдарды тіркеу, экстремистік бағыттағы сайттарды бұғаттау сияқты т.б.