Бүгін Шымкент қаласы, Әлфараби ауданы «Әл-Муслим» мешітінің ұйымдастыруымен қасиетті Мәуліт мерекеленді. Бесін намазынан соң жамағатпен бірге Мәуліт дұғасы оқылды. Аталмыш шараға ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев қатысып, жамағатқа уағыз айтты.

Мәуліт дұғасын орталық мешіттің ұстазы Осман Өзташ пен осы мешіттің ұстазы Насрулла Гултураев оқыды. Дұға оқылып болған соң мәуліт құрметіне жамағатқа дастархан жайылды.

Ұйымдастырылған шараға өкіл имам өзінің және жамағат атынан  «Әл-Муслим» мешітінің бас имамы Бегайдар Қымбатовқа алғысын білдірді.




By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38