Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз ресми сапармен Біріккен Араб Əмірлігіне барды.

Серікбай Сатыбалдыұлы ел астанасы Әбу Дабиде өтіп жатқан мұсылман қоғамдарында бейбітсүйгішті дамытуға арналған V халықаралық форумға қатысуда.

Халықаралық басқосуда дін қайраткерлері бүгінгі мұсылман үмбетінің ауызбіршілігі, бейбітшілік құндылықтарын насихаттау сынды тақырыптар аясында пікір алмасуда.

ҚМДБ төрағасы сапар аясында еліміздің Біріккен Араб Əмірлігіндегі Төтенше жəне Өкілетті елшісі Қайрат Лама Шарифпен кездесті.

Кездесуде Қазақстан мен БАƏ арасындағы рухани, мəдени салалар бойынша байланысы, халықаралық форумда айтылған маңызды мəселелер сөз болды.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38