ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы, «Halifa al-Nahaian Aqmeshiti» мешітінің бас имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты «Атамекен» мешітінің жамағатымен кездесті.

Жамағатқа бесіналды уағыз жүргізіп, Мәуліт айы, мәуліт сөзінің шыққан төркіні, оның мағынасы жайлы насихат айтты.

Бас имам өз сөзінде: «қазіргі күні әр бір оқушы жылдың төрт мезгіліне байланысты бір шумақ өлең жаттап алып, белгілі бір мезгілді сағынған уақытта жаттап алған шумағын қайталап жүреді. Қандай әдемі. Ол бала жылдың жаз яки қысқы мезігілін сағынған уақытта өлеңмен есіне алады. Ал біз неге сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедті с.а.с. сағынған уақытта бір шумақ өлеңмен еске алмаймыз.  Олай болса мәуліт оқу, мәуліт дұғасын оқу дегеніміз пайғамбарымыздың с.а.с. өмірбаянын өлең ретінде жаттап алған азаматтардың оқып беруі» деп түсіндіріп өтті.

Сөз соңында «Атамекен» мешітінің имамы Оспанов Арыстанға өз алғысын білдіріп, алдағы істеріне сәттілік тіледі.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38