Бүгін Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ғимаратында Шымкент қаласы Абай ауданы Құрсай елдімекенінде орналасқан «Нұртөбе» мешітінің бас имамы Жәміш Бердалы ТЖД қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында адам баласының негізгі құндылықтары, ең басты құндылығы өмірі, өмір сүру, өзіне-өзі қол жұмсау дінисламда үлкен әрі кешірілмейтін күнә екендігіне тоқталып өтті. Сондай-ақ адам өміріне зиянды есірткі заттары, алкогольді ішімдіктер шариғатта тыйым салынғандығы жөнінде кеңінен түсіндірме жүргізілді.