«Харекет» қайырымдылық қорының жетекшісі Алғадай Әбілғазыұлы және қордың атқарушы директоры Гүлмира Мұханқызы ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаевтың қабылдауында болып, бас имамға алғыстарын білдірді.

«Құрметті Бейсенбаев Бақтыбай мырза! «Харекет» қайырымдылық қорының «1000 теңгеге – баспана» бастамасымен жүзеге асырып жатқан игі шарасына үлес қосқаныңыз үшін Сізге алғыс айтамыз! Сәз секілді «Елім» дейтін Ерлер барда, алар асуымыздың мол болары сөзсіз! Жаратқан Иеміз деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, кәсібіңізге береке берсін» деп жазылған Алғыс хатта.

 

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38