Имамдардың біліктілігін арттыру мақсатында семинар өтті
13-14 қараша күндері ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ, ТЕРРОРИЗМ — БЕЙБІТШІЛІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚҚА ТӨНГЕН ҚАУІП» атты семинар өтті.
Семинар лекторлары: ҚМДБ-ның «Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің» меңгерушісі Алтынбек Ұтысхан, «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университеті, ұстаз-ғалым, дінтанушы Асқар Сабдин және Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» директоры Асылбек Ноғаев.
Аталмыш семинарды өткізудегі негізгі мақсат — қала аумағында орналасқан барлық мешіт имамдары мен «Шымкент» медресе колледждің ұстаздарына деструктивті діни ағымдардың алдын алуға, іс-тәжірибелері мен зайырлылық біліктіліктерін арттыру, жан-жақты дамыту мәселелерін қамту болды.
Жалпы, семинарға қала бойынша 104 мешіттің 160 қызметкері «Шымкент» медресе колледждің ұстаздары қатысты.
Семинар жұмысы екі күнге жалғасты, жиын соңында барлық қатысушыларға біліктілікті арттырғаны үшін арнайы сертификат табыс етілді.