SAM 513

 SAM 513

Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) хадисінде «Ақиқат байлық мал – мүліктің көп болуы емес ақиқат байлық кеңпейілділік, қайырымдылық ол адамдағы ең жақсы қасиет», – деген. Алла Тағланың разылығын іздеген, Пайғамбарымыздың (с.а.с) сүннеттерін ұстанған, дінді түсінген және Аллаға ғибадатын тек рухани және тәнімен ғана емес, қайырымдылық ізгі істер арқылы да жасаушы жандар аз емес.
Шардара ауданы «Шардара» ауданы бойынша Зекет қорының өкілі Н. Байжановтың ұйымдастыруымен және қайырымды жандар Әбілдаевтар отбасы, Күлтай анамыз бастаған үлкен ұлы Бақыт бауырлары және келіндерінің қолдауымен маусым айының 25 – ші жұлдызы күні қасиетті Рамазан айының құрметіне әлеуметтік жағдайы төмен 14 отбасы, мүмкіндігі шектеулі жандарға 15 мың теңге, көлемінде азық – түлік және еттей қайырымдылық көмек көрсетілді.
Аллаға сансыз шүкір еліміздің егеменді ел болғалы Ислам діні кеңінен уағыздалып жұртымызға Алланың мейірімі төгілуде. Аудан имамы А. Данияров «Алла Тағала құлдарын кейде таршылықпен сынайды, кейде баршылықпен сынайды. Раббымыз баршамызға үлкен сабырлық берсін», – деп жылы лебізін білдірді. Мұқтаж жандар қайырымдылық шарасын ұйымдастырған Әбілдаевтар отбасына ҚМДБ – ның атынан алғысын айтып, ризашылығын білдірді.
Дана халқымыз «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», – деп бекерге айтпаса керек. Олай болса, ағайын, баршаңызды осы қайырымдылыққа зәру болған жандарға қол ұшын беруге шақырамыз.

Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің
бас имамы А. Данияров

 SAM 512

 SAM 513

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38