Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз балалар мен жасөспірімдердің республикалық «Ақ желкен» журналына берген сұхбатында ұрпақ тәрбиесіне қатысты ұлтымыздың танымы мен түсінігі жайлы ойларымен бөлісті.

«Біздің ұлтымыз өскелең ұрпақтың жадына «обал болады» немесе «сауап болады» деген ұғымды сіңірген. «Обал болады» мен «сауап болады»-ның түпкі мәні тереңде. Нан қиқымын шашу – обал болады. Біреудің ала жібін аттау – обал болады. Өзгенің хақысын жеу – обал болады. Қарияға құрмет – сауап болады. Жабырқаған жанның жүрегіне үміт сыйлау – сауап болады. Міне, қарап отырсаңыз осының бәрі отбасыдан басталатын тәрбие негіздері.
Біз сан ғасырдан бері жалғасып келе жатқан халқымыздың осындай қасиетті ұғымдарын жастарымыздың санасына сіңіре беруіміз керек», – деп атап өтті Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.

 

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38