Бүгін Түркістан қаласында «Түркі әлемінің көшбасшы жастарымен кездесу» атты семинар өтті. Семинар Түркі әлемін дамыту мақсатында, соның ішінде Түркістан қаласын жан-жақты әлемге таныту жолында жастармен кездесу және түркі әлемінің көшбасшы жастарына жан-жақты бағыт-бағдар беру мақсатында ұйымдастырылды.
Өз кезегінде Шымкент медресе колледжінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Битебаев, ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша жастар ісі бөлімінің жетекшісі А.Әбдікерімұлы, облыстық отбасы, балалар және жастар ісі жөніндегі басқармасының бас маманы А.Әбдікерім мәнді де мазмұнды баяндамалары оқып, жастармен ой бөлісті. Семинарды «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директоры А.Ноғаев жүргізді.