Күйесіз қазан жоқ, қайғысыз адам жоқ – дегендей дана халқымыз. Қайғы-қиналыста жүрген жандарға қайырымдылық көмек беру әр мұсылм жан үшін сауапты іс. Шымкент қаласы бойынша өкілдігіне қарасты зекет қорының ұйымдастыруыменен, Шымкент қаласы орталық «Halifa An nahaian akmeshitі» мешітінде қайырымдылық іс-шарасы өтті. Шара барысында 100 отбасыға азық-түлікпен және ақшалай қайырымдылық көмегі берілді. Осындай сауапты да қайырымды іске қаланың кәсіпкер азаматы мұрындық болды. Іс-шараға зекет қорының өкілі Әзімбаев Айбек және орталық мешітінің найб имамы Естеміров Мұхамеджан имамдар ұйымдастыру жұмыстарын жүргізіп, жиналған кісілерге қайырымдылық заттарын үлестіріп отырды. Көмек алған жандар ризалықтарын айтып, жомарттық жасаған кәсіпкер азаматтарға да алғыстарын айтып жоғарғы көңіл күймен тарасты.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі