SAM 494

 SAM 494

Қаламкерлер мерекесі қарсаңында Шымкент қаласы облыстық орталық мешітінің дәмханасында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің атынан 60 қаламкерге ауызашар дастарханы жайылды.
Ауызашар рәсіміне облыс имам А.Керімбек, найб имам әрі баспасөз қызметінің жетекшісі М.Естеміров, облыс әкімдігінің баспасөз қызметі, облыстық «Қазақстан Шымкент», «Отырар», «Созақ тв», «Нар тв», «Айғақ» телеарналары мен «Оңтүстік Қазақстан», «Қазақстан жолы», «Южный Казахстан», «Шымкент келбеті» т.б. газет-журналдардың бас ретакторлары мен тілшілері қатысты.
Дәстүрлі шара аясында бірқатар қаламкерлер сөз алып, діни басқарма тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға беріп, риза екендіктерін атап өтті. Сондай-ақ, өкіл имамы Ахметжан Керімбек Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің қаламкерлер мерекесімен құттықтауын жеткізді. Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, барлық қонақтарға кәде-сыйлық табыс етілді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының
ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38