2016жылдың 15 маусым күні Ордабасы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан көлеміндегі барлық ауыл имамдарының қатысуымен жиын өткізілді. Жиынды жүргізген аудан имамы Б. Әшірбай Шымкент қаласынан келген әлеуметтік бастамалар орталығының бас маманы, теолог Оспанов Дәлелханды таныстырып, сөз берді. Әуелі имамдарды қасиетті Рамазан айындағы игі істердің қабыл болуын жаратушы Иемізден сұрай келе, Рамазан айының басында ел тыныштығын бұзуға әрекет жасаған Ақтөбедегі оқиға туралы айтты. Және миамдар ауыл тұрғындарымен қатынас кезінде барынша сақ және қырағылық танытуын ескертті. Ел ішіндегі діни рәсімдерді тек жергілікті имамдар атқаруы тиіс екендігін баса айтты. Өйткені бір-екі жағдай орын алғандығын, яғни жаназа намазын имамдар өзге адамдараға беріп қойғандығын айтқан. Б. Әшірбай енді қайталанбауын ескертті. Сонымен бірге Рамазан айындағы ауызашар кезінде ел бірлігі, татулығы жайында насихаттар айту тапсырылды.
Ордабасы ауданы орталық мешітінің баспасөз қызметі