«Қайырымдылық жасасаң қайырымын өзің көресің» – деген екен дана халық. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев халқымызға тебіреніске толы сөз айтқан еді: «Тәуелсізді баян ету аңсар мұратымыз, өтпелі шақтағы қиындықты жеңу азаматтық міндетіміз, ал тұрмысы төмен азаматтарға, ата-аналарының қамқорынсыз қалған балаларға қолдау көрсету адамгершілік парызымыз». Осындай  мақсатпен Шымкент қаласы орталық «Halifa al nahaian aqmeshіti» мешітінде жағдайы төмен 20 отбасыға ақшалай көмек көрсетілді. Көмекті Шымкент қалалсы бойынша өкілдігіне қарасты зекет қорының өкілі Азімбаев Айбектің ұйымдастыруымен өтті. Қазіргі уақытта қамқорлық пен қолдауға мұқтаж болған, көңілдерін шер, қабақтарын мұң басқандар, әр адамнан қайырымдылық, алақандарынан жылулық сезімін күтеді. Сондықтан да қаламыздың қалталы азаматтарын өз зекеттерін беріп, осындай қаншама қара көз қандастарымызға қол ұшын беріп, жүректеріне жылу нұрын сыйлауға себеп болуға шақырамыз!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38