Шымкент қаласы өкілдігіне қарасты Абай ауданы, «Нұр төбе» мешітінің бас имамы Бердалы Сейтханұлының ұйымдастыруымен, демеушілердің мұрындық болуымен қайырымдылық көмек ұйымдастырылды. Атап айтсақ жалғыс басты аналарға қайырымдылық көмек көрсетілді. Мектеп жастағы балдарына қыстық қалың курткалар алып берілді. Аналарға 70 000 нан ақшалай көмек үлестірілді.  Түрлi тағдыр тәлкегiне ұшырап, ата-анасынан, асыраушысынан  айрылып, жан жылуына, әлеуметтiк көмекке зәру болып отырған жандар да жоқ емес арамызда.  Жағдайы төмен отбасылардың балаларына көмектесіп, сауап алғанға не жетсін?! Қаламыздың құрметті қалталы азаматтарын осындай сауапты да игі шараларға барынша атсалуға шақырамыз!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38