Еліміз бағындырған белестер мен толағай табыстар – Қазақстандағы халықтар ынтымағының арқасы. Бірлігі бекем елдің тірлігі де тиянақты. Осы тектес орамды ойлар Түркістан облысы мен Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері өткізген жиында айтылды.

 

«Рухани келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі» атты форумға ассамблея мүшелері, дін өкілдері мен жастар бас біріктірді. Басты мақсат өскелең ұрпаққа Рухани келісім күнінің маңызы мен мазмұнын түсіндіру. Себебі елімізде алдағы 20-30 жылға нақтыланған стратегиялық жоспарларға қол жеткізетін де осы жас ұрпақ. Ұйымдастырушылар аймағымызды ата мекен санаған 100 ден астам ұлт пен ұлыс өкілдерінің ынтымағының маңыздылығына тоқталды.

 

Мұратәлі Қалмұратов – Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары

 

Елімізде дінге қысым жоқ. Бастысы әр діни конфессия мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтірмеуі тиіс. Бір ғана Шымкент қаласының өзінде 100- ден астам мешіт бар. Дініне берік азаматтар ел бірлігіне де сүбелі үлес қосады – дейді қаланың өкіл имамы.

 

Бақтыбай Бейсенбаев – ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы

 

Форумда Түркістан облысы мен Шымкент қаласы «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасарлары және халық қалаулылары баяндама оқыды. Ұлт аралық татулық, діни келісім жайлы сүбелі сөз тыңдаған жастар руһани азық жинап қайтты.

https://youtu.be/SSPvzLwp0xs

К. ДҮЙСЕНБІ

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38