Ake men bala

Ake men bala

 

 

 

 

Әбу Ханифаның баласы ғылыми айтыс-тартысты ұнататын, әрі жат топтардың теріс пікірлеріне еліктеп кете жаздағанда, әкесі оны олардан қайтарып алатын. Сонда баласы әкесіне таңырқай қарап: «Мен сенің де әр қилы мәселелерде пікір таласып, айтысатыныңды көретінмін, ал енді мені содан тыйғаның қалай?» – деп сұрайды.

Әбу Ханифа: «Балам–ау! Біздің пікірталастағы сақтығымыз соншалық, төбемізде құс қонып тұрғандай аса мұқияттылықпен сөйлеуші едік. Бәсекелесіміз қателеспей, екеуіміздің де ойымыз бір жерден шықса екен деп тілейтінбіз. Ал сендер бір-біріңнің беттеріңнен алып, қарсыластарыңның қателесіп, тура жолдан адасқанын қалап тұрасыңдар. Есіңде болсын, кімде-кім бәсекелесінің қателесіп, тура жолдан адасқанын қаласа, ол оның діннен шығуын қалағанымен бірдей. Ал серігінің дінсіздігін қалаған адам, сол арам ниеті үшін, әуелі өзі дінсіздер қатарына қосылады», – деген екен.

ОҚО Орталық мешіт

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38