Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Рухани келісім» күні мерекесіне орайластырлып марқұм Әшірбай қажы Орашұлының құрметіне имамдар арасында Құран жарысы ұйымдастырылды.

Аталмыш шараны ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев ашып, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарысқа ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы орынбасары Мұхамеджан Естеміров, «Ықылас» қарилар дайындау орталығының директоры Ықыласхан Майлан, «Сарыағаш» медресе-колледжінің ұстазы Бақытжан Жүсіпов, «Ықылас» қарилар дайындау орталығының ұстазы Камилжан Садықов, «Шымкент» медресе-колледжінің ұстазы Ғалымжан Оққасов, Орталық мешіттің ұстаздары Осман Өзташ, Мейірбек Сәрсенбаевтар төрелік етті.

Жарыс үш аталым бойынша жүргізілді. Жарыс барасында «Имамдар арасында мәнерлеп оқудан» 1-ші орын иегері  «Нарынбай ата» мешітінің имамы Мирхаджаев Миракмал, 2-ші орын  «А.Қаттани» мешітінің найб имамы Тұрапбаев Ақтөре, «Байғұт баба» мешітінің найб имамы Медетбеков Абзал ие болды.

Мұнымен қатар,  жас қариларымыздың жігерлендіру мақсатында қосымша екі аталым ұйымдастырылып, өз нәтижесін берді. «Қарилар арасында толық Құран бойынша» 1-ші орын иегері Жанғазиев Заманбек, 2-ші орынды Жеткербай Бексұлтан, 3-ші орынды Рамазан Дархан алса, ал «Шәкірттер арасында 10 пара бойынша» 1-ші орын Махан Айдын, 2-ші орын Каров Алим, 3-ші орынға  Жүнісов Азамат иегер атанды. Ал қалған қатысушыларға өкілдік тарапанан алғыс хат пен қаржылай сый-сияпат берілді.

Айта кету керек, әр аталым бойынша бірінші орынға  300 000 теңге, екінші орынға 200 000 теңге, үшінші орынға 100 000 теңге берілді.

Осы арасы аясында орыс ұлтының өкілі Андрей Манькеевич деген азамат 10 пара бойынша қатысып, ерекше оқиға болды.

Айтулы шараның бас демеушісі Әшірбай қажы Орашұлының ұрпақтарына Алла разы болсын!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38