Шымкент қаласы өкілдігіне қарасты Әл-Фараби ауданы «Айқап»  мешіті жанынан  «Әйелдерге арналған Дәни сауаут ашу курсының» ашылғанына жылдың жүзі болды. Бір жыл ішінде діни сауат алу мақсатында келген шәкірттер саны көз қуантарлық жағдайда. Курста әйел жамағаттары Қасиетті Құранды тәджуид қағидаларына сай оқуды үйренумен қоса негізгі діни  мағлұматтардан ілім алуда.  Иман шарты, Мұсылмандық шарты, Пайғамбар өмірбаяны жәнеде Әдеп дәрісінен дәрістер өтілуде. Курстың дәрістерін тамамдаған шәкірттер Құран жаттау курсына өтуде. Бүгінде курста тұрақты түрде 70–тен астам  шәкірт ілім алуда. Курста әйел жамағатына толық жағдай жасалып, асхана,  демалыс бөлмелері  және де кішкентай балаларға арналған арнайы бөлмелер қарастырылған.

Діни сауат ашу курсының  жай күйімен танысып  ұстаздар және шәкірттермен кездесу мақсатында Шымкент  қаласы өкілдігіндегі Діни сауат ашу курсының жауаптысы  Яхияев Иса және орталық мешіт ұстаздары арнайы курсқа барып қайтты. Әйелдер курсымен  танысып, ұстаздармен кездесіп, жалпы Діни сауат ашу курсының жоспары мен  жұмыс барысымен таныстырып өтті. Өкілдік тарапынан барған арнайы топ Әйелдер курсының  жұмысына жақсы деп баға  берді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38