Шымкент қаласы өкілдігіне қарасты Қаратау ауданы «Сайрам жәме» мешітінде әйелдер жамағатына «Ислам және Отбасы» жылы аясында «Бақытты отбасы» тақырыбында жалпы уағыз ұйымдастырылды. Уағызды Шымкент қаласы орталық мешіт ұстазы Әбиева Еңілік арнайы барып жүргізді. Әйел жамағатымен кездесіп жеке сұрақтарына жауап берді. «Сайрам Жәме» мешіті ұстазы Құрбанқұлова Махира ұстаз мешітте тұрақты дәріс жүргізіп келеді. Мешітте бүгінде тұрақты 92 шәкірт ілім алуда. Мешітте діни дәрістермен қоса Құран жаттау курсы да іске қосылды. Шәкірттер 30 және 29 параларын жаттауда.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі