Өздеріңізге мәлім болғандай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанынан өнімдерді халал стандарттау және сертификаттаумен айналысатын «Халал Даму» ЖШС-сы ашылған болатын. Осыған орай Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақбұлақ елді мекенінде орналасқан, сүт тағамдарын өндіретін «Хан» кәсіпорны «Халал даму» сараптауынан өтті. Бұл сараптаманы «Халал даму»-дың бас сарапшысы Алмагүл Қуанышқызы және Шымкент қаласы өкілдігне қарасты «Халал даму»-дың өкілі Сарыбаев Қазбек өткізді. Сараптаудан өткен бірнеше түрдегі сүт тағамдары болды. Яғни өнімдердің бәрі алдын ала арнайы зертханаға жіберіліп, тексеріліп, оның нәтижесін шығарғаннан кейін барып, халал сертификатына лайықта болса ғана «Халал даму» сертификаты беріледі. «Хан» кәсіпорнының өнімдері зертханалық сараптаудан өтіп «Халал даму» сертификатына ие болды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызмтеі