Өздеріңізге мәлім болғандай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанынан өнімдерді халал стандарттау және сертификаттаумен айналысатын «Халал Даму» ЖШС-сы ашылған болатын. Осыған орай Шымкент қаласында орналасқан, тәтті тағамдарын өндіретін «Сенвич» кәсіпорны «Халал даму» сараптауынан өтті. Бұл сараптаманы «Халал даму»-дың бас сарапшысы Алмагүл Қуанышқызы және Шымкент қаласы өкілдігне қарасты «Халал даму»-дың өкілі Сарыбаев Қазбек өткізді. Жалпы сараптаудан торттар мен тәттілер арнайы зертханаға алынып жіберілді. Сол зертхананың тексерілудегі нәтижесіне байланысты қортынды шығарылады. Сол қортындыдан кейін ғана оң баға берілсе «Халал даму»-дың сертификаты беріледі.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызмтеі