Шымкент қаласы, «Абдулхамид Қаттани» мешітінде, Әл-Фараби ауданына қарасты, мешіт қызметкерлерінің арасында, «Құран, ақида және шариғат» мәселелері бойынша, имамдар асрасында іріктеу сайысы болып өтті. Осы жиынға төрелік жасау үшін Шымкент қаласы орталық мешітінің ұстазы Осман Өзташ, Шымкент қалалық орталық мешітінің найб имамы М. Естеміров, «Халифа Омар» мешітінің бас имамы Д.Жұмабековтар төрелік етті. Сынақтың нәтижесінде Бас жүлде: Мусаев Нурғиса, 1 орын: Кишкинбаев Бекжан, 2 орын: Тұрапай Ақтөре, 3 орын: Сабыров Сайыдрасул және Күзенбаев Айдар. Осы жүлдегерлер 2018 жылдың 18 қазанында Шымкент қаласы орталық мешітінде өтетін үлкен Құран жарысына жолдама алды.
«Қаттани» мешітінің баспасөз қызметі