Шымкент қаласы өкілдігіне қарасты Қаратау ауданы Таскен елді мекені «Қарабура әулие» мешітінде бүгінде әйелдер жамағатына тұрақты дәрістер жүргізілуде. Сәуір айынан бастау алған дәрісте әйелдер жамағаты өздерінің ілімге деген талпыныстарын шыңдап, біраз бөлігі Құран оқуды меңгерді. Мешітіміздің бас имамы Балтабаев Серік пен наиб имам Қараев Нұрғали және т.б. бірнеше имамдар шәкірттерді Құран оқуды меңгергендерімен құттықтап, ыстық лебіздерін білдірумен қатар, оларға алғыс хаттар мен орамалдар, ең бастысы Алланың кәләмі болған қасиетті Құран Кәрімді сыйға тартты. Мешітімізде бүгінде тұрақты түрде өткізілетін дәрісте 70-ке жуық шәкірттер ілім алды, қазіргі уақытта әйелдер жамағатының саны азаюына қарамастан шәкірттеріміз ықыласты, әрі ілімге құштар.

Дәрістер әр аптада тұрақты түрде жүргізілумен қатар, Құран әліппесі, Құран, Тажуид, Иман шарты (Ақида), Мұсылмандық шарты (Ғибадат), Әдеп сынды дәрістерді қамтиды.

Сіздерді «Қарабура әулие» мешітіне ілім үйренуге шақырамыз!!!

Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38