Шымкент қаласы бойынша өкілдігіне қарасты Еңбекші аудандық «Әл Біләл» мешітінің ұйымдастыруымен Құран, ақида және шариғат мәселелері бойынша іріктеу сайысы өткізілді. Сайыстың мақсаты 2018 жыл 18 қазанда Шымкент қалалық орталық мешітінде өтетін Құран жарысына жолдама алу. Қазылар алқасының төрағасы Естемиров Мухамеджан, алқа мүшелері Туленов Даулет, Сарыбаев Қазыбек, Өзташ Осман ұстаздар төрелік жасады. Еңбекші ауданының мешіттерінен 54 талапкер қатысты. Осы жарысқа қатысқандардың арасынан үздік білімді, көркем дауысты 5 қатысушына таңдап алынды. Олар «Сейіткәрім қажы» мешітінің имамы  Ерали Есенгелдиев, «Исамиддин баба» мешітінің имамы Маметов Исматулла және Бейсеков Талғат, «Нарынбай ата» мешітінің имамы Мирхаджиев Миракмал, «Ислам нұры» мешітінің имамы Әліханов Әлі таңдалып жарысқа жолдама алды.

«Әл-Біләл» мешітінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38