Шымкент қаласы бойынша өкілдігіне қарасты Қаратау ауданы, «Байғұт-баба» мешітінің ұйымдастыруыменен Шымкент қаласындағы №72 және 80-ші орта мектептерінде керағар діни ағымдардың алдын алуға байланысты оқушылармен кездесулер жүргізілді. Кездесуді жергілікті ақпараттық насихат тобының мүшелері Шымкент қаласы «Халифа Омар» мешітінің бас имамы Жұмабеков Данабек және «Байғұт-баба» мешітінің найб имамы Қалшабеков Ербол жүргізді. Бұл іс-шарадағы мақсат жастарымызды бүлікке бармауға, жат діни ағымдардың арбауына түспеуге, Отанды сүюге, ата-ананы құрметтеуге насихаттау болып табылады. Кездесуге жалпы 386 оқушы қатыстырылды.
«Байғұт-баба» мешітінің баспасөз қызметі