Ауған соғысының біткеніне 30 жыл толуына байланысты Шымкент қаласындағы №88 Орта мектептің ұйымдастыруыменен танымдық іс-шара өтті. Бұл іс-шараға Шымкент қаласы, Қаратау ауданындағы «Масжидур-Рохман» мешітінің найб имамы Жақыпов Құдайберген арнайы шақырылды. Іс-шара барысында Құдайберген имам «Ер есімі – Ел есінде» атты насихат айтып, Отанды қорғау иманнан екенін тілге тиек етіп кетті.
«Байғұт баба» мешітінің баспасөз қызметі