Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, «Байғұт-баба» мешітінің найб имамы, жергілікті ақпараттық насихат тобының мүшесі Қалшабеков Ерболдың ұйымдастыруыменен Шымкент қаласындағы №83 орта мектебінің 10-11 сынып оқушыларымен кездесу өтті. Іс-шараға «Қарабура әулие» мешітінің бас имамы Балтабаев Серік және «Насрулла» мешітінің бас имамы Юсупов Талғат қатысты. Имамдар оқушыларға «Ұстазға құрмет – шəкіртке міндет» атты насихат жүргізді. Және де жастарды керағар діни топтардың зияны туралы ақпараттандырды.

«Байғұт-баба» мешітінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38