Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің бұйрығымен Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің Еңбекші ауданына қарасты «Исамиддин баба» мешітіне тәжірибелі, білімді Якияев Иса Файзуллаұлы бас имам болып тағайындалды.

Таныстыру рәсіміне Шымкент қаласы бойынша өкіл имам орынбасары Ахметжан қажы Керімбек қатысып, жамағатқа жаңа бас имамын таныстырды. Сондай-ақ, мешіттің бұрынғы имамы Ташходжаев Назирхан осы уақытқа дейін атқарған жұмыстарын айтып, алғыс білдірілді.

Якияев Иса Файзуллаұлы

07.10.1982 дылы, ОҚО, Ордабасы ауданы, Қараспан совхозы, «Төреарық» ауылында туылған. Отбасылы. 3-қыз, 2-ұл тәрбиелеуде.

Білімі:

1999 ж, Түркістан қаласындағы Т.Бигелдинов атындағы №16 орта метепті бітірген.

199-2003 ж, ХҚАУ-дың «Араб тілі және дінтану» мамандығы бойынша оқу бітірген.

2003-2005 ж, ОҚМУ-дың «Тарих және география» факультетін тәмамдаған.

2015-2017 ж, Алматы қаласы «Шет тілдер және іскерлік» университетінің «Дінтану» магистратурасын тәмамдаған.

Еңбек жолы:

2008-2017 ж, Шымкент қаласындағы «Исамиддин баба» мешітіне найб имам қызметін атқарған.

2017-2018 ж, ОҚО Орталық мешітінің найб имам қызметін атқарған.

2018 жылдың 5 қазанынан бастап Шымкент қаласы, «Исамиддин баба» мешітінің бас имамы қызметіне тағайындалды.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38