Қасиетті жұма күні, Шымкент қаласы, Әл-фараби ауданы, «А.Қаттани» мешітінің имамдары мен апа-әжелер жамағаты бірлесіп хижри жаңа жыл басы болған Мухаррам айының құрметіне дастархан жайды. Дастархан басында Құран оқылып, дұға жасалды. Ғибратты да, имани уағыз-насихаттар жүргізіліп, жылы тілек-лебіздер айтылды. Мұсылман күнтізбесі туралы мағлұматтар жүргізіліп, мұсылман жаңа жылының ғибраты түсіндірілді.
А.Қаттани мешітінің баспасөз қызметі