ОҚО Ордабасы ауданы, Темірлан ауылындағы мәдениет үйінде 31 мамыр саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты іс-шара өтті. Іс-шара беташары қасиетті Құран Кәрімнің оқылуымен басталды. Құранды «Дәулеталыұлы Бегалы ата» мешітінің найб имамы Н.Шалхаров оқыды және «отанды сүю иманнан» тақырыбында насихат айтты. Зұлмат жылдар туралы бейне ролик және мәдениет үйі қызметкерлері қойған қойылымдар жиналған көпшілікті бей-жай қалдырмай, көздеріне жас үйірді. Сонымен қатар саяси қуғын сүргін құрбандарының ұрпақтары естеліктер айтып, «мұндай зобалаңды жаратушы Иеміз ешкімге бермесін!» -деп тіледі. Мәдени шара барысында патриоттық әндер де көптеп шырқалды. Аудан әкімінің орынбасары Ә. Сәдірбек мәдени шараны түйіндеп, аудан көлемінен қуғын сүргінге ұшыраған отбасылар туралы мәліметерді келтіріп өтті.
Ордабасы ауданы, Ордабасы орталық мешітінің баспасөз қызметі.