SAM 421

 SAM 421

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ОҚО бойынша өкілдігі исі мұсылман қауымы асыға күткен қасиетті Рамазан айының келуіне орай брифинг өткізілді.
Брифингке Өкіл имам Ахметжан қажы Керімбек, найб имамдары Е.Қарақұлов пен М.Естеміров және облыстық Зекет қорының көмекшісі Ғ.Назаровтар қатысты.
Брифинг барысында ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің халыққа арнаған үндеуін насихаттау, қасиетті Рамазан айының шарттары, қайырымдылық шаралары, рухани іс шаралар өткізу, мешіттерде ауыз-ашар өткізу жәйі, зекет, пітір садақасы мен айт намазының оқу уақыттары сынды т.б.өзекті мәселелер айтылды.
Сондай-ақ, өкіл имам Ахметжан қажы Керімбек еліміз бойынша пітір садақасы 200 теңге болып белгіленгенін және ораза айт намазы облыс көлемінде 5 шілде күні таңғы сағат: 07.00-де оқылатындығын айтып өтті.
Мұнымен қатар, барлық аудан, қала деңгейінде бір күндік қоғамдық көліктер тегін жүргізіледі. Қоғамдық орындар мен үлкен көшелерге рамазан айының келуіне орай жарнамалық тақтайшалар ілініп жатқанын айтты.
Брифинг барысында қасиетті Рамазан Құран айы болғандықтан барша тұрғындарды діни білім алуға шағырды.

 

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 

 SAM 421

 SAM 422

 SAM 423

 SAM 424

 SAM 425

 SAM 426

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38