Кентау қаласы бойынша Жастар ісі секторы өкілінің ұйымдасрыуымен 28.07.2018жылы, Кентау қаласына қарасты мешіттерде ДСАК-та сауат ашқан шәкірттер арасында білімдерін шыңдау мақсатында. Білімді мыңды жығар атты интеллектуалды сайыс болып өтті. Сайысқа қалалық және ауылдық мешіттерден шәкірттер қатысты. Жалпы сайыста құран кәрім білімдері, сира, 40 парыз , ахлақ пәндерінен сұрақтар қойылып, балаларға өте қызықты ойындармен өткізілді. Сайысқа төрт топ қатысып, ойын соңында мақтау қағаздармен марапатталып жүлдегерлерге сыйлықтар үлестірілді.
Кентау қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі