Шырайлы Шымкент қаласында орналасқан «Шымкент» медресе-колледжінде жасөспірімдерге екі маусым бойы имандылық лагері ұйымдастырылды.

Шәкірттерге ҚМДБ тарапынан бекітілген оқу бағдарламасы аясында Құран, Сияр, Ахлақ секілді пəндерден дəрістер жүргізіліп, қосымша түрлі үйірмелер ұйымдастырылды. Қатысушыларға жайлы жатын орын, төрт мезгіл тамақ, ас-сумен қамтамасыз етілді.

Мұнымен қатар, демалыс күндері шәкірттерді ынталандыру үшін қала көлемінде орналасқан киелі орындар мен саябақтарға т .б. орындарға зиярат етілді.  «Шымкент» медресе-колледжінде ұйымдастырылған лагерге 160 ер-бала,  130 қыз-бала қатысты.

Сондай-ақ, лагер соңында өз білімдері мен тəртібінің ерекшеліктері  үшін бірқатар шәкірттер «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат қажы Әсембай мырзаның алғыс хаттары мен марапатталды.

Жалпы, Шымкент қаласы бойынша 8 орында жазғы лагерлер ұйымдастырылды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38