Елімізде діни ахуалдың өткір тұрғаны жасырын емес. Шет елдерден енген түрлі жат ағымдар талай жастарымыздың санасын улап үлгерді. Осыған орай ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы еліміздегі діни ахуалды тұрақтандырудың жолы діни сауатты көтеру арқылы мүмкін болатынын ескере отырып, ең әуелі дін қызметкерлерінің білім мен біліктілігін арттыруға ерекше көңіл аударып отыр. Осы игі ниетті жүзеге асыру мақсатында ҚМДБ-ның білікті мамандарынан арнайы топ құрып, олар арқылы ең алдымен имамдардың сауатын аттыру бағытында еліміздің түкпір-түкпіріне семинарлар ұйымдастыруды қолға алды. Соның бірі Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы орталық мешітінде «Білікті имам-заман талабы» атты тақырыпта семинар өтті. Семинарға Сарыағаш ауданына қарасты қала, ауыл имам-молдалары қатысты. Аталмыш діни семинарды Маңғыстау облысы өкіл имамы Смаил Сейітбеков 3 сағаттай уақыт имамдарға бүгінгі күні қоғам арасында талас тудырып отырған салафизм ағымының зиянын кеңінен түсіндірді. Семинар соңында сұрақ-жауапқа кезек беріп, қатысушылардың көкейде жүрген түрлі сұрақтарына жауап берілді.
Түркістан облысы, Сарыағаш аудандық мешітінің баспасөз қызметі