IMG 191

IMG 191

 

 

 

 

ОҚО өкілдігінің зекет корпоративтік қоры, қасиетті қадір түнінің қарсаңында халықтан топталған зекет малдарын, шариғат бектікен азаматтарға яғни, жағдайы төмен 20 отбасыға азық-түлік ретінде үлестірді. Атап айтқанда 50 килалық ұн, 5 л май, күріш, макарон ұсақ-түйек заттар және асханаға қажетті ыдыс-аяқтар. Сондай-ақ, бауыры науқасқа ұшыраған азаматшаға жүз мың ақшалай көмек берілді. Осындай үлесімді жұмыстарды атқарған ОҚО зекет өкілі Әзімбаев Айбек пен орынбасары Полатов Еркін имамдарға Алла разы болсын! Көмек алған отбасылар өз разылықтарын айтып, көңілдері бір көтеріліп қалды. Осындай сауапты да қадірлі істерге себепкер болып жатқан азаматтарға Алланың сауабы мол жазылсын!

ОҚО орталық мешітінің баспасөз қызметі

IMG 189

IMG 190

IMG 191

IMG 192

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38