Бүгін қасиетті жұма күні Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінде аудан имамының қатысуымен «Қадір кешіне» орай мәжіліс болып өтті. Жалпы жиынға 100- ге жуық имам- молдалар қатысты. Аудандық «Нұғман» мешітінің бас имамы Сыздықов Бекзат жиналысты ашып, жүргізіп отырды. Негізгі деген нақты мәселелерге тоқталып өтті. Олардың қатарында: ОҚО өкілдігі тарапынан келген тапсырмаға орай, Қасиетті қадір түнін шама келгенше үгіт- насихатпен, сайыстар ұйымдастыру арқылы жамағатты құлшылыққа құлшындыру арқылы өткізу. ҚМДБ «Тауаф» қажылық компаниясын жамағат арасында насихаттап, қажылыққа барушы үміткерлерге тек ҚМДБ Тауаф қажылық компаниясын ұсыну. Сонымен қатар, қасиетті Қадір түні және айт намазы күні мен уақытын жамағатқа бүгінгі насихат соңында жеткізу. Сонымен қатар, ОҚО өкілдігі тарапынан келген барлық тапсырмаларға немқұрайлылық танытпай, Рамазан айы ішінде атқарған әрбір іс- шара есебін беріп отыруды имам- молдаларға тапсырды. Мәжіліс барысында дін қызметкерлері көкейкесті сауалдарын қойып, пікір алмасты. Жиын соңында ауданның ардагер имамы Назирулла Ризакулов көпшілікке бата берді.
Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінің баспасөз қызметі