IMG 123

IMG 123

Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай ОҚО Шымкент қаласы Əл-Фараби ауданы «Дəуітұлы Шыңғысбай қажы» мешітінде қыз келіншектер арасында Сауат ашу курсына келуші қыздардың ынталарын арттыру мақсатында ұйымдастырылған Құран жарысы өтті.
Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бізге Құранды үздіксіз үйренуге және үйретуге шақырды. «Балаларыңды үш түрлі қасиетке баулыңдар: Пайғамбарларыңды сүюге, оның әулетін құрмет тұтуға және Құран оқуға. Шын мәнінде, Құранды жаттағандар ешқандай көлеңке болмайтын Қиямет күнінде Алланың Аршысының көлеңкесінде тұрады», – деген. Осы ниетте сайысқа ниет білдіргендердің барлығы қатысты.
Аталған мешіттің бас имамы Алпысбаев Рашид Абдуалиұлы сайысты қортындылап, жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар жəне марапат қағаздарын сыйлады. Қатысушыларға алғыс білдірді.

IMG 123

IMG 123

IMG 123

IMG 123

IMG 123

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38