IMG 24

IMG 24

Баланың жүрегі мұмтаздай таза әрі пәк болады. Ал бүлдіршіннің баршасы ата- анасына Алланың аманаты болып табылады. Сондықтан да болар, біздің елімізде де 1- маусым «Халықаралық балаларды қорғау күні» деп аталып өтіледі. Бұл шарадан мешіттер де тысқары қалған емес. Кеше, Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітіне арнайы осы күнге орай қонаққа келген алтын алқа иелерінің кіші ұлдарына мешіттің найб имамы Паташов Бауыржан азан шақырып, ат қойса, бас имам Сыздықов Бекзат және жастар ісі секторының жетекшісі Шаймерден Бағдат әрбір келген бүлдіршіндерге тәттілер ұсынды. Соңынан енді ғана мектеп табалдырығын аттағалы тұрған кішкентай ғана балаларға оқуда озат болып, Отанымызға, дінімізге қызмет ететін азамат және азаматша болып өсулеріне тілек білдірілді.
Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінің баспасөз қызметі

IMG 24

IMG 24

IMG 24

IMG 24

IMG 24

IMG 24

IMG 24

IMG 24

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38