Кентау қаласы бойынша Жастар секторы, Әйел қыздар секторы өкілдерінің ұйымдастыруымен қыздар арасында «Рамазан Құран және білім айы» атты қала деңгейінде интеллектуалды білім сайысы болып өтті. Сайысқа 16 қыз келіншек қатысып, білім деңгейлерінің жоғары екенін дәлелдеді. Жарыста діни әртүрлі тақырыпта сұрақтар қойылып, екі топ бір бірімен сайысқа түсті. Жарыс өтте қызық және өтте жоғары деңгейде өтті. Сайыс соңында жеңімпаз топтарға бағалы сыйлықтар беріліп, қатысушылардың барлығы мақтау қағаздарымен марапатталды. Көрермендер де қатысушыларда дән риза болып тарқасты.
Кентау қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі