Жадыраған жаздың алғашқы күні 1-ші маусым еліміздің төл мерекесі «Дүние жүзілік балаларды қорғау» күніне орай ҚМДБ-ның ОҚО Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы имамдарының және жастар бөлімінің ұйымдастыруымен балаларға арналған іс-шара өтті.
Мерекелік шарада қаламыздың имамы Бақдаулет Нұрматұлы құттықтау сөз сөйлеп, ата-аналарға балаларын жазда имандылық нәрімен сусындатып, жазғы демалыстарын тиімді пайдалануға шақырды.
Аталмыш шарада жас өспірім балаларға арналған ойындар ұйымдастырылып, ойыншықтар сыйланды.
Бүлдіршіндеріміз және ата-аналар аталған іс-шараға ризашлықтарын білдіріп, көтеріңкі көңіл күйде тарасты.
«А.Қаттани» орталық мешітінің баспасөз қызметі