ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігіне қарасты, ОҚО орталық мешітінде Бас муфти Серікбай Қажы Сатыбалдыұлы хазіреттің атынан көп балалы аналар мен әйедер жамағатына ауызашар дастарханы жайылды. Ақ жаулықты аналарға құрмет көрсетіліп, сый-сыяпаттар табысталды. Мешіт ұстаздары тарапынан «Рамазан айының артықшылықтары» және «Қайырымдылық хайырлы іс» тақырыптарында әйелдер жамағаттарына уағыздар айтылды. Көп балалы алтын алқа иегері қарт әжейлеріміз жастарға өнегелі насихаттар айтып, қазақ халқының тыныштығы мен өсіп өркендеуі үшін дұға жасады.
ОҚО Орталық мешітінің баспасөз қызметі