ОҚО өкіл имамның орынбасары, қалалық А. Қаттани мешітінің бас имамы Б. Абдрахмановтың арнайы тапсырмасына орай, үстіміздегі жылдың мамыр айында Шымкент қаласы, Абай ауданы мешіттерінің бас имамдары қаламыздағы 6 білім ұясында бітіруші түлектермен арнайы кездесу өтті. Негізгі көтерілген мәселелер, бүгінгі күндегі түрлі кері ағымдар, олардың қатері, өз өзіне қолжұмсау және мамандық таңдаудағы ата-ананың рөлі тақырыбында болды. Түрліше сұрақтар қойып барлығына дерлік жауаб алынды. Кездесу соңында мектеп әкімшілігі үлкен алғыстарын білдірді.